Жаңа Жыл жыры!!!
26,28,29.12.2013ж күндер аралығында топтар аралығында "Жаңа жыл жыры" атты ертеңгіліктер өткізілді. Әдемі безендіріліп, қызылды-жасылды шамдарымен көз жауын алған алып шыршаның маңына топтасқан балалар жаңа жылдың бас кейіпкерлерін, яғни, Ақшақар мен Аяз Атаны ерекше ықыласпен қарсы алды. Бұдан кейін көңілді топ Жаңа жыл «иесі» Жыланды қошеметпен күтіп алды.
