«Ұлттық ойындар» сайысы.
2010 жылдың 17-ші маусымында, І сәбилер «В» тобының тәрбиешісі Садвакасова Мадина І сәбилер топ аралығында «Ұлттық ойындар» атты ойын-сауық өткізді.
Төмендегідей ұлттық ойындар ортаға салынды:
"Қай жақ күш жігерлі", «Арқан тарту»,
"Құралайды көздеген мергенмін", «Асыл асық»,
"Болаттай күшті қайраттымыз", «Қол күрес»
"Жезмаядай жүйрікпіз", «Бәйге»
Ұлттық ойындарға қызығушылық танытқан бүлдіршіндер, ойынға белсене қатысты.
Бас жүлдені І сәбилер «В» тобы женіп алды. І –ші орынды І сәбилер «А» топтары иеленсе, ІІ орынды І сәби «Г» тобы алды. Сондай –ақ І сәби «Б» тобы ІІІ-ші орынды женіп алды.
Солай ең кішкентайларымыз ұлттық ойындарға қанып ойнады.
