Домбырам-асыл мұрам
Бүгін балабақшамыздың тәрбиеленушілері арасында 1 шілде- Ұлттық Домбыра күніне орай "Домбырам-асыл мұрам" атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Балалар домбыра жайында сұрақтарға жауап беріп, ұлттық аспап жайында білімдерін шыңдады. Сайыс қорытындысы бойынша балалар мадақтамалармен марапатталып, сайысты мерекелік флэшмобпен аяқтады.


