Ұсақ моториканы дамыту
"Бала қабілетінің қайнар көзі - оның саусақтарының ұшында..." Б.А.Сухомлинский.
Саусақ ойындары - бұл ойын әрекетінің түрін балалар қай жаста болсын, ұнатып ойнайды. Сабақтарда ұсақ қол қимылдарын дамытуға арналған көптеген әрекет түрлері берілген. Бұл жұмыстарды жасау барысында негізгі үш саусақ белсенді қимылдап, іске араласады. Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Екі алақан мен саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту арқылы баланың есте сақтау, ойлау, пайымдау, зейін салу, сөйлеу сияқты т.б. қабілеттерін жақсарта аламыз.





