Логопед сабақтары
Осы аптада «Балапан» ересек тобында логопед Юлия Юрьевна Пастушенко «С дыбысы, С әрпі» тақырыбында фронтальды сабақтар өткізді. Оның мақсаты балаларды дыбыстармен, сонымен қатар әріптермен және оның дыбыстарымен таныстыру. Сабақта логопед үнемі әртүрлі дәстүрлі емес оқыту технологияларын қолданады, бұл түзету-дамыту процесінде жоғары жетістіктерді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ сабақта ұсақ моториканы, зейінді, есте сақтауды, ойлауды дамытуға бағытталған технологиялар қолданылады. Коррекциялық білім берудің кешенді тәсілі ғана сөйлеу бұзылыстарын сәтті жеңуге көмектеседі.