ПМПК басшысымен диалог алаңы.
23 мамыр күні балабақшада ПМПК меңгерушісі Айтбаева Сұлушаш Айткеновнамен «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу» тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс-шараға барлық жас топтарындағы оқушылардың ата-аналары белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қоя білді. Шара аясында Сұлушаш Айткенқызы ПМПК комиссиясының балаларды тексеру ережесін толығырақ түсіндірді. Сондай-ақ, Сұлушаш Айткенқызы ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп, ата-аналардың қызығушылық танытып, белсенділік танытуы маңызды екенін атап өтті. Бітіруші топ оқушыларының ата-аналары балалардың мектепте одан әрі табысты оқуы үшін кеңестер мен ұсыныстар алды.