АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ
31 қазан күні бала бақшамызда «Ашық есік күндері» өтті. Тәрбиешілер мен мамандар тәрбиеленушілердің ата-аналарына арнап әртүрлі жаңа білім беру технологияларын қолдана отырып, түрлі білім беру саласы бойынша сабақтар өткізді. Осылайша, ата-аналар педагогтардың жыл бойы жүргізіп жатқан түзету-дамыту жұмысының нәтижелерін көруге мүмкіндік алды. Бала бақшада «Күзгі бал» мерекесі өткізілді. Педагогтардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының біріккен күшімен ұмытылмас мереке өткізілді, онда музыкалық-театрландырылған көрініс қойылып, тақпақтар оқылып, спорт жарыстары өткізілді.