Сенім телефоны
55-98-37
email: sad27@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жәшһүр Жүсіп көшесі, 27/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«АБАЙЛАҢЫЗ -ТЕРЕЗЕ!» АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР
31-03-2020 19:56
«АБАЙЛАҢЫЗ -ТЕРЕЗЕ!»  АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР

«АБАЙЛАҢЫЗ -ТЕРЕЗЕ!»

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР

 

Жыл сайын көктемнің келуімен кішкентай балалардың терезеден құлап кетуіне  байланысты жазатайым оқиғалардың өсуі байқалады. Көбіне терезеден сыртқа құлайтын бір жастан (балалар жүре бастаған шақта)  7 жас аралығындағы балалар 

Балалардың жарақаттануын емдейтін  клиникалық ауруханалар арқылы медициналық статистика мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын терезеден сыртқа құлаған, ондаған балалар емделеді. 

Балалар көбіне мынадай ауыр жарақаттар алады: бас жақ сүйегінің, ортаңғы жүйке жүйесінің, ішкі ағзаларының  (бауыр мен көкбауырдың жарылуы)  зақымдануы, аяқ-қолдарының, сүйектерінің  сыңуы, мұның бәрі баланың қайта аяқтан тұруына ауруханада бірнеше күн немесе апта, тіпті  айлап жатуына әкеп соғады. Кейде балалар денсаулығына келген зақымнан айығып кете алмай бүкіл өміріне мүгедек боп қалып жатады. Сонымен бірге аурухана жете алмай жолда  қайтыс болып кететін жағдайларда кездесіп жатады.

 

Жазатайым оқиғадан қорғау үшін, келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

 

  1. Терезені ашық қалдырмаңыздар,

бір сәт баланы көзден таса қалдырсаңыз,оның өміріндегі соңғы сәті болуы немесе оны мүлде мүгедек етуі мүмкін!

 

 

2. Терезелерге сақтандыруға сәйкес қорғауы жоқ москит торларын пайдалаңбаңыз. 

Статистика бойынша балалар москит трымен бірге сыртқа құлап жатады. Бала алдында тұрған бөгетті көріп, соған  сеңіп тіреліп тұрамын деп, нәтижесінде бір жасар баланың салмағын көтеруге де қарастырылмаған  москит торымен бірге құлап кетуі мүмкін.