Біздің педагогтардың қатысуымен ZOOM онлайн платформасы
12 қарашада Б. Ахметов атындағы Педагогикалық колледждің студенттері үшін біздің педагогтардың қатысуымен ZOOM онлайн платформасында «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста заманауи технологияларды қолдану» тақырыбына семинар-практикум өтті. Cеминарға қатысушылар: Мира Маратовна Омарова, Наталья Алексеевна Тисленко, Райхан Алексеевна Малтабарова, Қарлығаш Еряновна Тойгамбаева. Барлық ұжым атынан семинарға шақырғаны үшін педагогикалық колледждің педагогика ғылымдарының магистрі Ольга Владимировна Вычкаға алғыс білдіргіміз келеді.
