"Жаңа жыл неден басталады?" атты сурет көрмесі
Әр балабақшада, мектепте осы мерекені атап өтудің өзіндік дәстүрлері мен ерекшеліктері бар.
Біздің балабақшада Жаңа жылға арналған «Жаңа жыл неден басталады!» суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Балалар ата-аналарымен бірге осы тақырыпқа арналған көптеген қызықты және әсерлі жұмыстар дайындады. Олар өз суреттерінде Жаңа жылды қалай көретіндерін, олар үшін нені білдіретінін, сондай - ақ жылдың басты кейіпкерлерін-Аяз Атаны, Ақшақар және шыршаны суреттеді. Барлық жұмыстар өте жарқын және ерекше болды.
