Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «30 Жұлдызды күн» іс-шаралар жоспары.
Біздің балабақшада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «30 Жұлдызды күн» іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Осындай шаралардың бірі «Тәуелсіз ел – Қазақстан» қабырға газеттерінің көрмесін безендіру болды. Көрменің мақсаты: балаларды Отанды сүюге және қорғауға, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу , тәуелсіздік үшін күрескен жастармен және қазіргі жетістіктерімен таныстыру. Қабырға газеттері өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді, себебі мұғалімдер мен балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
