"Ойын технологиялары білім сапасында" семинар-практикумы
Бүгін біздің педагогтардың қатысуымен Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттеріне арналған ZOOM онлайн платформасында "Ойын технологиялары білім сапасында" семинар-практикумы өтті. Қатысушылар: Қайырбекова Күлбаршын Зиеевна, Хасиетова Анар Тұңғышбайқызы, Негруцак Елена Федоровна, Сушенова Жанна Жалеловна, Кузьгова Зарина Жабраиловна, Ханзиева Татьяна Сергеевна. Барлық ұжым атынан семинарға шақырғаны үшін ұстаз, педагогикалық колледждің педагогика ғылымдарының магистрі Ольга Владимировна Вычкаға алғыс білдіргіміз келеді. Әрі қарай ынтымақтастыққа үміттенеміз!
