Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясындағы мерекелік апталық
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында балабақшамызда мерекелік апталық өтті. Аптаның алғашқы күнiнде педагогтар Дөңгелек үстелде кездестi.
Бұл шараның мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығымен танысу.
Өзіміз білетіндей ол – ақын, өзі – тіл маманы, ол – ұстаз, ағартушы. Ал оның өмір жолын, қызметін, идеясын білу, бағалау – біздің қоғамдық парызымыз.
