«Наурыз - көктем мерекесі» суреттер көрмесі
Наурыз – көптен күткен көктем мерекесі, жаңа жылдың басталуын білдіреді. Бұл – қазақ халқының құрметіне бөленген ұлы күн. Адамдар Наурызды көңілді әрі жалынды қарсы алады. Біздің балабақшада «Наурыз - көктем мерекесі» суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар ата-аналарымен бірге көрмені өткізуге белсенді қатысты. Жас суретшілер ата-аналарымен бірлесіп Наурыз мейрамына деген көзқарастарын білдірді. Өз суреттерінде кескіндеме мен графиканың түрлі техникаларында балалар көктемгі жаңару, табиғаттың оянуы және жаңа өмірдің басталуы мерекесін көрсетті.
