Денсаулық күні
Денсаулық күні-балаларда да, ересектерде де эмоционалды реакция тудыратын білім беру, тәрбие,денсаулық сақтау қызметін ұйымдастырудың бір түрі. Мұндай күндерді үнемі өткізу физикалық, психикалық денсаулықты нығайтуға, мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыруға ықпал етеді. Біздің балабақшадағы денсаулық күні-бұл тәрбие жұмысының бір бөлігі ғана емес, бұл балалар үшін де мереке.
Көңілді әуенмен балалар жаттығу жасап, сергектік пен тамаша көңіл-күй зарядын алды. Көңілді эстафеталарда балалар өздерінің мықты,жылдам және ептіліктерін көрсетті.
