«Денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық мәдениетін тәрбиелеу»
Біздің балабақшаның дене шынықтыру нұсқаушысы Ж. А. Искакова «Денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық мәдениетін тәрбиелеу» атты тақырыбында қалалық семинарға қатысты. Жанар Амантайқызы фитбол-гимнастиканы тәжірибеге енгізу бойынша өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Педагогтер жаттығуларды орындай отырып бұл әдістеме моториканың дамуына, қозғалыстарды үйлестіруге, тепе-теңдік функцияларына қалай әсер ететінін, жағымды эмоцияларды қалай тудыратынын сезінді.
