"Мектепке бағдар"
"Мектепке бағдар" білім беру жобасы аясында "Павлодар қаласының №29 сәбилер - бақшасы КМҚК, "Мерей " білім беру – дамыту орталығы" және №26 ЖОМ КММ сабақтастығын ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс жоспарын талқылау және бекіту өтті. Сабақтастықтың басты мақсаты - педагогикалық процеске біртұтас, дәйекті және перспективалық сипат бере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп кезеңдерінде бірыңғай даму желісін жүзеге асыру.
