Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Отбасы бақыты» балалар-ата-аналар клубының отырысы
11-02-2023 10:09
«Отбасы бақыты» балалар-ата-аналар клубының отырысы

Педагогтерді аттестаттау аясында біздің балабақшада ұйымдастырылған қызметтің ашық көрсетілімдер өткізілуде. Білім беру қызметінің ашық көрсетілімдері педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде және жалпы білім беру процесінде маңызды рөл атқарады. Олар әріптестердің қалай жұмыс істейтінін көруге, олардың жағымды тәжірибелерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Тәрбиеші А.Т.Киреева «Отбасы бақыты» балалар-ата-аналар клубының отырысын өткізді. Ата-аналарға асықтармен түрлі қызмет түрлерінде қолданылатын көптеген ойындар ұсынылды, себебі бұл ойындар балалардың танымдық белсенділіктерін дамытады, сондай-ақ қазақ ұлттық ойындарын білуге деген қызығушылығын арттырады.