«Мектеп – бұл қызықты» тақырыптық әңгімелесулер
Мектепалды топтарында мектепке деген қызығушылығын тәрбиелеу және оған деген оң көзқарасты қалыптастыру, оқуға деген ұмтылыс, оқушының позициясын алуға деген ұмтылыс мақсатымен «Мектеп – бұл қызықты» тақырыптық әңгімелесулер өтті. Ойын түрінде балалар оқу құралдарының атауларымен танысты. Сыныпта не бар, парта не үшін қажет, қабырғаға үлкен тақта не үшін ілулі екендігі туралы сұрақтарға жауап берді. Жаңа жағдайларға бейімделу және қарым-қатынастың жаңа жүйесіне ену баланың оқуға деген психологиялық дайындығына байланысты.
