"Вирус еліне" виртуалды саяхат
Бүгін біздің бақшамызда үлкен IT-квест өтті! Оған №9 ЖОБ информатика мұғалімдері сарапшы ретінде шақырылды. Үлкен топтардағы балалар "Вирус еліне" виртуалды саяхатқа аттанды. Олар зиянды бағдарламаларды аулады, "Роботтар вирустарға қарсы" флешмобын биледі, логикалық блоктардан "Антивирус қорғанысын" құрастырды. Шулы, көңілді және өте танымды болды! Мұғалімдер біздің жас бағдарламашыларымыз "өте жақсы" нәтиже көрсеткенін атап өтті.

