Шығармашылыққа толы бұл жұмыс
Біздің бүлдіршіндер серуен кезінде таза ауада өз учаскелерін өз қолдарымен әсемдеп, безендірді.
Шығармашылыққа толы бұл жұмыс барысында балалар еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және табиғатты аялауға тәрбиеленді. Әрбір кішкентай қолдың еңбегі айналаны көркейтіп, балабақша ауласын ерекше сәнге бөледі.
Балалардың қуанышты жүздері мен жасаған еңбектерінің нәтижесі – бәріміз үшін үлкен мақтаныш!
