Теңге әлеміне саяхат
Теңге әлеміне саяхат: Мектепке дейінгі жастағы балалар «Бір теңгенің тарихымен» танысты
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күні қарсаңында мектепке дейінгі топтарда ерекше сабақтар өтті. Тәрбиеленушілер қазақстандық теңгенің өткені мен бүгініне қызықты саяхат жасап, «Бір теңгенің тарихы» атты танымдық ойынның қатысушыларына айналды.


