30.09.2011жылы біздің балабақшаның жас тәрбиешілерінің "Тәрбиешіге арнау" концерт өтті. Сайыс бағдарламасында педагогтарды өте көп байқаулар тосты. "Визитка" сайысы - жас мамандар өздері жайлы, өз әуестері жайлы мәлімет берді, "Баланы даусынан таны", "Көрмеген жануарды сал", "Ертегі батырының есімін ата", "Дұрыс жауабын тап" атты түрлі жаттығулар болды.
Сайыс бағдарламасының аяқталуымен, тәрбиешілер балаларды сүйетіндеріне, ешқашан өз мамандықтарынан бас тартпайтындарына, қолдарын жүрекке қойып ант етті. "Сақ бол!", "Қателеспе!", "Зиян келтірме!", "Баланың үміті бол!", "Өзіңді балаларға арна!", "Неге ынталануыңды біл!", "Әрқашан бала жанының байлығын ізде!" атты педагог парыздарымен танысты.
Жас мамандарды ертеден жұмыс жасап келе жатқын педагогтар құттықтап, оларға жұмыстарына табыс тіледі. Бәріне тәрбиеші дипломы және ескерткіш медальдері берілді.
