"2012 жылдың символы" атты көрме
Айдахарлар әр түрлі материалдардан жасалған. Мысалға: кішкене құтыдан, пенопласттан, поролоннан, барқыт қағаздан және қамырдан жасалған печеньедан. Осы көрмеге барлық топтардың балалары және олардың ата-аналары қатысты. Әр жұмыс өзінің қайталанбастығымен және өзіндігімен ерекшеленді. Біз осы конкурска ат салысқан ата-аналардың бәріне ризашылығымызды танытамыз, барлық жұмыстар ерекше ілтипатқа ие.
