Денсаулық күні!
7 қыркүйекте балабақша ұжымы табиғатқа шықты және біз оны Денсаулық күні деп атадық. Денің сау болсын десең, денешынықтыру мен таза ауамен достас. Үлкендер балалар секілді секіріп, жүгіріп, арқан тартысып көңіл көтерді. Барлығының көңіл күйі керемет, өздерін сергек сезінді!
