"Ашық есіктер күні"
21 қараша күні біздің балабақша есіктері тек балаларға ғана емес, олардың әке-аналарына, ата-апаларына да ашылды. Ата-аналар балалардың таңғы жаттығуларынан бастап, тамақтануларын көріп, сабақтарға қатысты. Сабақ барысында балаларының қатысушылығын, логопед, қазақ тілі сабақтарында сөйлеу қабілеттерін қарады. Достарымен ойын барысындағы қимылдарын қадағалады.
