Әскери даңқ мұражайында
Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында біздің тәрбиеленушілер Әскери даңқ мұражайына барды. Мұражай бастығы балаларға әскери жәдігерлер, Павлодар қолбасшылары жайлы кітаптарды көрсетті. Балалар мұражайда - әскер, Отан, сарбаз сөздерінің мағынасын түсінеді.
