Төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу жиыны
Бүгін біздің балабақшада төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті, «Тревога» белгісі бойынша барлық жас топтары ұйымдасқан түрде далаға шықты, әр тәрбиеші балалар қатысу дәптері мен мәлімет дәптерін ала шықты. Педагогтар мен әкімшілік тәрбиешілермен бірге балалардың сәтті эвакуациялауды ұйымдастырды.
Төтенше жағдайларда мінез-құлық ережесін зерттеу шеңберінде дайындық топтарында бейне материалдарды пайдаланып тақырыптық сабақтар өткізілді.
