Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Бүгін біздің балабақшада дайындық топтар арасында "Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы" атты мереке өтті. Балалар екі топқа бөлініп, жарысты. Сұрақтарға жауап беріп, ақша туралы тақпақтар айтып, қызықты ойындар өтті. Мерекеге келген қонақтар да өзге елдің ақшаларымен танысып, өте көп ақпарат алды.
