"Біз батырмыз!"
Біздің балабақшада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай даярлық топтар арасында "Біз батырмыз!" атты спорттық іс-шара өтті. Ойын формасында балалардың негізгі физикалық қасиеттерін - күшін, ептілігін, шапшаңдығын дамыту.Балалар ойындарға белсенді қатысып, берілген сұрақтарға жауап беруге тырысты. Балалардың көнілдері мен ойыннан алған әсерлері көтерінкі болды.
