"Суреттер бойынша қызығушылықпен"
13 ақпан күні біздің балабақшада балалардың сөйлеу дамыту барысында қолданылатын әдістер бойынша ашық сабақтар өтті. Ашық сабақтарда алуан түрлі мнемотехникаларды көрсетіп, жұмыста қолданды. Тойгамбаева К.Е. (тәрбиеші, 2 сәбилер тобы) В.П.Глухованың блок-шаршыларымен жұмыс істеді , Б.С.Темирова (тәрбиеші, ортаңғы топ) Т.А.Ткаченко заттық сызба моделдерімен, Н.А. Захарова (тәрбиеші, ересек топ) Е.Н.Ефименкованың әңгіме құру сызбалары бойынша, Ш.Т.Джартыбаева (тәрбиеші, даярлық топ) Т.В.Большеваның коллаж бойынша көрсетті. Балалар қыс туралы қызығушылықпен және ынтамен әңгіме құрып, айтып берді.
