Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжмен ынтымақтастық шеңберінде біздің балабақшаның педагогтары өздерінің мол тәжірибелерін болашақ тәрбиешілермен бөлісті.
Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжмен ынтымақтастық шеңберінде біздің балабақшаның педагогтары өздерінің мол тәжірибелерін болашақ тәрбиешілермен бөлісті.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г. Б. Алимканова қазақ тілі сабағында синквейн әдісін қолданудың тиімділігін көрсетті.
Тәрбиеші Б. С. Темирова мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін дидактикалық ойындарды қолдануды көрсетті.
Дене шынықтыру нұсқаушысы А. Р. Имангалиева балалар зумбасы туралы айтып, студенттерге кейбір жаттығуларды орындауға ұсынды.
Тәрбиеші Г. В. Алифирова театрдың түрлерімен және қиял ойындарымен таныстырды.
Студенттер қызығушылықпен белсене қатысты.
