Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Эксперимент бұрышының байқау – сайысы
01-02-2019 10:47
Эксперимент бұрышының байқау – сайысы

№ 29  балабақшада қаңтар айында эксперимент бұрышының байқау – сайысы өтті. Балалар ерте жастан тәжірибе мен эксперименттерді жақсы көреді.

Топ бөлмесіндегі эксперимент жасаудың сауатты ұйымдастырылған бұрышы мектепке дейінгі балалардың ойлауының зерттеу түрін дамытуға ықпал етеді, және болашақта табысты оқу үшін іскерлікті қалыптастырады. Әр мектепке дейінгі топта бұрыштар айтарлықтай жаңартылып, коллекциялармен, күнтізбелермен, муляждармен, тіршілік ету ортасының үлгілерімен, дидактикалық материалдармен, еңбек қызметіне арналған құралдармен, сондай-ақ қызықты көшеттермен толықтырылды.

Біздің тәрбиешілер ізденімпаз және талантты . Әр топта енді тірі табиғаттың нағыз оазисі құрылды. Табиғат бұрышының орналасуы мен балалар үшін қол жетімділігі, безендірудің эстетикалылығы, көрнекі және дидактикалық материалдарды сауатты іріктеу біздің балаларымызда экологиялық мәдениеттің негіздерін толық көлемде тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Барлық қатысушылар байқауға қатысқандары үшін алғыс білдіреміз және шығармашылық табыс, жаңа идеялар тілейміз.