Педагогтер мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі және Лего конструкторы бойынша кәсіби құзыреттіліктері мен білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Тәрбиеші Н. А. Захарова мектепке дейінгі мекемеде жобалық қызметті пайдаланудың тиімділігін көрсетті.
Тәрбиеші Н.П. Троицкая мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытуда Лего конструкторды құрастырудың тиімді тәсілдерін көрсетті.
Дене шынықтыру нұсқаушысы С. С. Демченко балалардың үстел теннисі арқылы дене шынықтыру жаттығуларына деген ықыласын қалыптастырып ,студенттерге түрлі жаттығуларды орындауды ұсынды.
Тәрбиеші Ю. В. Олейник мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы туралы айтты.
Педагогикалық колледждің болашақ тәрбиешілеріне қызықты және пайдалы болды.
