"Денсаулық" тақырыбына ашық сабақ
12.02.2019 жылы дайындық тобының тәрбиешісі Н.А.Захарова денсаулық тақырыбына ашық сабақ өткізді. Қонаққа мұғалімдер, басқа топтың тәрбиешілері мен балалардың ата-аналары шақырылды. Сабақта денсаулық, халық медицинасы мен салауатты тамақтану туралы пайдалы деректер ұсынылды. Сонымен қатар, балалар мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен тартымды ойындар өткізді. Жалпы сабақ өте қызықты өтті. Балалар қонақтарға шаттық пен қуаныш сыйлады.
