Педкеңес аясындағы ашық сабақтар.
26 қарашада №29 балабақшада қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бойынша педкеңес аясында ашық сабақтар өтті. Мектеп алды тобының балалары LEGO еліне саяхат жасады. Легоадамға лего мысалдарын легокілемді безендіруге, легобаспалдағын, легоүйлерін құрастыруға көмектесті. Ересек топтың балалары математикалық тапсырмаларды орындай отырып, Математика еліне жету үшін пошталық көгершінге көмектесті.
