«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын талқылау бойынша педкеңес
Бүгін «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын талқылау бойынша педкеңес өтті. №29 балабақша басшысы Рысай О. А. педагогтарды осы заңның жаңашылдықтарымен таныстырды. Атап айтқанда, жалақыны 25% - ға көтеру, мұғалімдердің өзіне тән емес функцияларына тартқаны үшін айыппұл салу. Сондай-ақ материалдық ынталандырудың көзделген нормалары, педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақылар; барлық педагогтар үшін демалыс кезеңін 56 күнге дейін ұлғайту; тәлімгерлік және басқа да шаралар.
