«Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды дамыту үшін қозғалмалы ойындар мен доппен ойын жаттығуларын қолдану арқылы педагогикалық жағдайды жасау»тақырыбы бойынша семинар ghfrnbrev
4 ақпанда біздің балабақшада «Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды дамыту үшін қозғалмалы ойындар мен доппен ойын жаттығуларын қолдану арқылы педагогикалық жағдайды жасау»тақырыбы бойынша практикум семинар түрінде «Отбасылық бақыты» ата-аналар клубы өткізілді. Ата-аналарға ойын жаттығулары, ептілікті дамыту, қимылдарды үйлестіру үшін доппен әр түрлі ойындар ұсынылды. Онда карточкалар, картотекалар, сызбаларұсынылды. Ата-аналар белсенді қатысып, көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білді.
