«Сүйікті анамның портреті» атты балалар суреттерінің көрмесі
Біздің балабақшада Халықаралық әйелдер күніне орай «Сүйікті анамның портреті» атты балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Балалар өздерінің сүйікті аналары мен әжелеріне деген барлық ізгі тілектерін, өздері салған суреттерінің көмегімен көрсетуге тырысты.
Әр бала өз анасының портреттерін салды. Анаға деген махаббатты сөзбен айту қиын, бірақ бұл жай ғана суреттер емес, осы әлемде бар ең қымбат, шынайы, суреттер - балалар махаббатына толы аналар портреттері болды! Көрме жарқын және сәнді гүлдермен безендірілген. Балалар ғажайып ой, қиял, шығармашылық қабілеттерін көрсете алды.
