2021 жылғы 11наурызда «Павлодар қаласының №23сәбилер бақшасы» КМҚКбазасында онлайн форматта ZOOM платформасында педагог-психолог М.Г. Каированың, логопед А. К. Бекмухамбетованың, кіші және ересектоп тәрбиешілері М. О. ОрдабаеваменБ. У. Әшірбекованың, дене шынықтыру нұсқаушысы Ә. М. Жабикееваның және музыкалық жетекшіЛ. И. Евменованың қатысуымен «Ерекше білім беру қажеттіліктерібар балалардың ата-аналарымен жұмыс түрлері»МДББпедагогтарына арналған қалалық семинар өткізілді. Семинарға 70-тен астам МДББ педагогтары қатысты.
Семинарда МДББ педагогтарының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен бірлескен жұмысы туралы мәселелер талқыланды. Мұндай балалардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың формалары мен әдістері туралы айтылды.
Негізгі мақсаты: ата-аналарға баланы ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік бейімделуіне және МДББ педагогтарымен бірлесіп, түрлі формалар мен әдістер арқылы мүмкіндіктерін ашуға көмек көрсету.
Семинарда «Павлодар қаласының №23 сәбилер бақшасы» КМҚК педагогтардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен өзара әрекеттесу тәжірибесі мен жұмыс түрлері ұсынылды.
