"Туған елім - асыл мекенім"
"Павлодар қ. №23 сәбилер бақшасы" КМҚК "А" және "В" мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері: Ақылбек Дарын, Сламбеков Еламан, Шынтемір Аяжан қазақ тілі мұғалімі Ахмадиева Жанар Каировнамен бірге 2021 жылғы 26 қарашада "Халық радиосына" барып, "Туған елім - асыл мекенім"жобасына қатысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тәрбиеленушілер тікелей эфирде өлеңдерің оқыды. "Халық радиосының" бас редакторы балаларды мадақтамен марапаттады.





