Сенім телефоны
8(7182)33-61-82 - балабақша, 8(7182)320560 - білім беру бөлімі, 8(7182)321937 - білім беру басқармасы
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Вс. Иванов көшесі, 62
8(7182)33-61-82 бухгалтерия 8(7182)62-13-96 вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 9.00-13.00 сағ. Жұма: 14.00-18.00 сағ.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Ертегі орманда.
26-12-2013 11:28
Ертегі орманда.

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Біздің балабақшада жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгіліктер өткізілуде. Барлық жас ерекшелік топтардың балалары ертегі кейіпкерлеріне еніп Жаңа жыл мерекесін қарсы алуда. Ескі жылан жылды шығарып, Жаңа тұлпар жылын қарсы алуда.  Балалар жаңа жылға, Аяз атаға, шыршаға арналған өлең тақпақтарын айтып, мәз мейрам болды. Балалар ата-аналарымен бірге ойын ойнап, Аяз атадан сыйлықтар алып,  өте қызықты көңіл күйде болды. Барлық білім ордасында еңбек етіп жүрген қызметкерлер, ата- аналар, балалар Жаңа Жыл Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін! Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз  алдағы жылда денсаулықтарыңыз мықты болып, бақыттарыңыз үстем болып, күш – қуаттарыңыз таусылмасын, қанаттарыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа жылға таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа жылда бәріміз жаңа табыстарға жетейік.