"Сиқырлы қыс" көрмесі
Балабақша тәрбиеленушілері аясында ғажайыптарға, қызықтарға толы қыс мезгіліне арналған "СИҚЫРЛЫ ҚЫС" көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге шығармашылыққа құлшыныстары мол, қиялдары шексіз дамыған бақшамыздың бүлдіршін суретшілері қатысты. Жас өнерпаздар белсенділіктері үшін мадақтама қағаздарымен марапатталды.
