"Сүйікті анашыма"
Көктемнің алғашқы көрікті мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында балабақшамызда анаға арналған сыйлықтардың көрмесі өтті. Көрмеге балалардың тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп жасаған бұйымдары қойылды. Әр түрлі техника арқылы, әр түрлі заттардан жасалған гүлдер, құттықтау қағаздары, көркем бұйымдар бақшамыздың сәнін келтіруде.
Барша аяулы АНАларды, ардақты ӘЖЕлерді, сұлу ҚЫЗдарды мерекемен құттықтаймыз!!!
