Менің алғашқы ертеңгіліктерім!
Қазан айының басталуымен балабақшамызда 2017-2018 оқу жылының алғашқы ертеңгіліктері өткізілді. Күзгі ертеңгіліктер бірқатар тәрбиеленушілер үшін алғашқы болса, ал кейбір тәрбиеленушілер өз өнерлерін ата-аналарына паш етуге бұл күндерді асыға күтті. Педагогтармен безендірілген музыка залында бүлдіршіндер өз өнерлерімен бөлісті, ойындар ойнады, күзгі кейіпкерлерді қуана қарсы алды. Ертеңгілікке орай тәрбиешілер, ата-аналар мен балалардың бірігіп ұйымдастырған көрмесі өтті.





