«Дені сау отбасы – дені сау ел!»
«№23 сәбилер бақшасы» МҚКК базасында «Дені сау отбасы – дені сау ел!» отбасылық спорттық ойын өткізілді. Бұл сайыс «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС-мен ұйымдастырылған. Балабақша абыройын Айдосовтар отбасысы қорғады және де осы жарыстың жеңімпазы атанды. Қатысушылар жарысты, жанкүйерлер қолдады, ал әділ-қазылар өз әділ бағасын қойды. Біз Айдосовтар отбасы ең мықты болғанына қуанышытымыз. Дене шынықтыру нұсқаушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз!



