Құрбан айт қабыл болсын!
7 қарашада сүйіспеншілік пен сенім жағдайында барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамын мерекелеу өтті.
Біздің балабақшаның ұжымында осындай мерекелік іс-шараларды тойлау жақсы дәстүрге айналып келеді. Педагогтардың белсенді тобы бүкіл ұжымды Құрбан айт мейрамының әдеп-ғұрпымен таныстырды. Осындай қасиетті күндерде біз барлық өкпе – ренішті ұмытып, бір –бірімізді кешіріп, мейірбандылықпен қараймыз. Әр бір айттап келген адамға дастархан жайылып, барлық мерекелік тағамдар қойылады.
Құрбан айт қабыл болсын! Баршаңызға бейбітшілік, денсаулық және амандық тілейміз.