"Мың бала" конкурсы
2017 жылы сәуірдің 25 өзге ұлт балалар арасында тілді білу бойынша «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы бағдарламасы аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының конкурсы өтті. Конкурстың басты мақсаты – қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру, мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімдікті нығайту.
Іс-шараға 8 тәрбиеленуші қатысты. Конкурс үш кезеңнен тұрды: таныстыру, мәнерлеп өлең оқу, шешендік өнер (қазақтың ұлттық ойынның шартың айтып беру).
Конкурстың қорытындысы бойынша Баркова Вероника I орынға ие болды. Ол облыстық конкурста балабақшаның намысын қорғайды.
Бұл іс-шара ұлтаралық келісімді және бірлікті оданда қаттырақ нығайтып, тәрбиелік маңызы зор болды.