Телефон доверия
8(7182)533534
email: sad21@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Астана көшесі, 1 А
8(7182)533534
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Жұмыс күндері: 9.00-13.00 14.00-18.00
Салауатты өмір салты
05-02-2018 13:20
Салауатты өмір салты

    Денсаулық мәдениетін тәрбиелеу және балаларды сауықтыру педагогикалық ұжымының негізгі міндеті болып табылады, өйткені біз сөлтүстікке тең жағдайда өмір сүріп жатырмыз: күрт континенталды климат, ультракүлгін сәулелердің және оттегі болмауы, қысқа жаз және ұзаққа созылған қыс – облыстың барлық тұрғындарына, әсіресе балалар денсаулығына теріс әсер етеді. Балалар қозғалыстарын шектеп, көп уақыттарын үй-жайда өткізуге мәжбүр.
   Қимыл қызметінің қажеттілігін қалыптастыру, салауатты өмір салтына қызығушылық таныту: бұл денсаулық мәдениеті деп түсінеміз.
   Балалардың жүйелі қимыл белсенділігі олардың физикалық және ақыл-ой дамуында маңызды рөл атқарады. Қимыл тәжірибесін кеңейту және байыту ММ ұжымының алдында тұрған басты міндеттерінің бірі болып табылады. Балалардың қимыл белсенділіктерін дамытуға, профилактикалық және сауықтыру жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында балабақшада барлық жағдайлар жасалды:
• қажетті шағын және үлкен заманауи спорт жабдықтарымен жабдықталынған дене шынықтыру залы;
• жаттығу бұрышы;
• жазғы уақытта спорттық ойындар мен дене тәрбиесі үшін заманауи талартарға жауап беретін шағын футбол алаңы.