"Қауіпсіз терезе" акциясы
Павлодар қаласының балабақшаларында "Қауіпсіз терезе" акциясы басталды. Павлодар қаласының білім беру бөлімі облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен жазатайым жағдайларды болдырмау үшін бұл насихатты бастады. 2019 ж. 05.04 сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін Химгородки шағын ауданында орналасқан №4, 8,18, 21, 22, 33, 35, 39, 51, 79 балабақшаларында " Балалар ұша алмайды, олардың қанаттары жоқ" атты бір мезгілді ауқымды іс-шара өткізілді.